Хабарландыру !
Құрметті ата – аналар!
1 тамыздан бастап аз қамтылған отбасылардан шыққан 1-11 сыныптардың көп балалы оқушыларына тегін ыстық тамақ беруге құжаттар қабылданады.
Құжаттарды қабылдау № 21МЛ, Кенесары к-сі, 222, 106 кабинетте қабылданады.
Қазақстан Республикасы Білім Министрлігінің 2020 жылғы 24 сәуірдегі № 158 бұйрығына сәйкес “Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін және жеңілдікпен тамақтандыру берілді”. Ыстық тегін тамақтану білім алушылардың келесі санаттарына беріледі:
- Атаулы Әлеуметтік Көмек алуға құқығы бар отбасылардан шыққан балалар үшін
- Атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы орташа табысы күнкөріс деңгейінен төмен отбасылардан шыққан балалар үшін
- Жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар үшін
- Төтенше жағдайлар нәтижесінде сыртқы көмекті қажет ететін отбасылардан шыққан балалар үшін.
- Басқа санаттар
ТЕГІН ТАМАҚ ҮШІН ҚҰЖАТТАР TІ3IMI
1) Өтініш нысаны
2) ата-анасының жеке басын куәландыратын
кұжат
3) баланың туу туралы куәлігінін кешірмесі
4) неке немесе некені бұзу туралы куәліктің
көшірмесі
5) жұмыс істейтін ата-ананың немесе оларды
алмастыратын адамдардың жалақысы туралы
анықтама , кәсіпкерлік және өзге де қызмет түрлерінен алынған кірістер, балаларына және
асырауындағы басқа адамдарға алимент
түріндегі кірістер) жан басына шаққаандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен
төмен болса (50755), АӘК анықтамасын ұсынған тұлғалар табыс туралы
анықтамаларды бере алмайды.