"Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі Көкшетау қаласының № 21 мектеп-лицейі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Школа-лицей №21 города Кокшетау отдела образования по городу Кокшетау управления образования Акмолинской области"

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Өрт қауіпсіздігі бойынша интерактивті сабақ

Ақмола облысы Төтенше жағдайлар департаменті қызметінің негізгі бағыттарының бірі жалпы білім беру мекемелерінде оқитын өскелең ұрпақпен жұмыс істеуде интерактивті сабақтар өткізу арқылы өрт қауіпсіздігі саласында жүйелі білім, білік және дағдыларды қалыптастыру болып табылады. 
Интерактивті сабақтар профилактикалық жұмыстың және халықты төтенше жағдайлар кезіндегі қауіпсіздік ережелері мен іс-қимылдарға үйретудің тиімді тәсілі болып табылады. 
2022 жылғы 11 ақпанында Департамент қызметкерлері және М.Ғабдуллин атындағы азаматтық қорғау академиясының стажерларымен бірге, Көкшетау қаласының №21 мектеп-лицейінде “Электр құралдарын пайдалану кезіндегі өрт қауіпсіздігі ережелері және азаматтық қорғау Академиясына түсу” тақырыптарына интерактивті сабақ өткізді. 
Оған 60 тан астам оқушы қатысты. Оқу үдерісі барысында оқушыларға оқыту бейнероликтері көрсетілді. 

Жаңартылған күні: 11.04.2022 15:57
Құрылған күні: 11.04.2022 15:57

Текст