Текст
Бүгін, 30 сәуір Қазақстан Халықтарының Бірлігі күні қарсаңында мектепте "Жас Ұлан"бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының қатарына оқушыларды салтанатты қабылдау өтті. "Жас Ұлан" мүшелері оқу озаттары, мектеп белсенділері, ғылыми жобалардың, зияткерлік конкурстардың жүлдегерлері, спорттық жарыстардың жеңімпаздары болады. Мектеп-лицейінің директоры М. М. Қалиева оқушыларды өміріндегі айтулы оқиғамен құттықтап, оқуда табыс, зияткерлік жетістіктер мен шығармашылық жеңістер, тапсырылған істі ынта-жігермен орындауға, көңілді және белсенді болуға тілек білдірді.
Жас "Жас Ұландықтар" патриот болуға, елдің мемлекеттік рәміздерін құрметтеуге және туған жерін сүюге ерекше мақтанышпен ант берді.