"Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі Көкшетау қаласының № 21 мектеп-лицейі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Школа-лицей №21 города Кокшетау отдела образования по городу Кокшетау управления образования Акмолинской области"

СоцСети

 

 

 

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Барлығын қарау>>>

«Дәнекті тастама — болашақты отырғыз!» экологиялық акциясы

13.10.2026

 «Дәнекті тастама — болашақты отырғыз!» экологиялық акциясы

2026 жылғы 13 қазанда №21 мектеп-лицейінің 9 «Ж» сыныбында экологиялық мәдениетті қалыптастыруға, табиғатқа ұқыпты қарауға және ғаламшарымыздың болашағы үшін жауапкершілікті тәрбиелеуге бағытталған «Дәнекті тастама — болашақты отырғыз!» атты экологиялық акция өтті. 

 Кішкентай дәнектен үлкен ағаш өседі, ал кішкентай игі істен жарқын болашақ басталады!

Акцияның басты мақсаты — қарапайым жеміс дәнегінің өзі жаңа өмірдің бастамасы болып, әлемге жасыл ағаш, таза ауа мен табиғат сұлулығын сыйлай алатынын көрсету.

 Бұл акция әрқайсымызға қоршаған ортаны қорғау қарапайым әрекеттерден басталатынын еске салады. Өйткені отырғызылған әрбір өскін — Жеріміздің жасыл болашағына қосылған үлес!

Өмір сыйлай алатын дәнекті тастама!

 Бүгін дәнек отырғыз — ертең ғаламшарға ағаш сыйла! 

Просмотров: 42


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу

Текст