Текст
Ұйымдар тізімі
21.01.2026
Театр – жасөспірімдердің рухани дамуына әсер ететін маңызды өнер ордаларының бірі. Осы мақсатта ағымдағы жылдың 21 қаңтарында 9-сынып оқушылары Шахмет Құсайынов атындағы облыстық қазақ музыкалық драма театрында сахналанған «Емтихан» спектакліне барды. Қойылым барысында оқушылар өмірлік құндылықтар, адамгершілік пен жауапкершіліктің мәні туралы ой қозғап, өзіндік қорытынды жасады. Спектакль жас ұрпақты адал болуға, дұрыс таңдау жасауға және өз әрекеттеріне жауапкершілікпен қарауға тәрбиелейді. Мұндай мәдени іс-шаралар оқушылардың ой-өрісін дамытып, эстетикалық талғамын қалыптастыруға үлкен үлес қосады.

