«Жыр алыбы – Хамит Ерғалиев»
06.11.2026
📚 «ЖЫР АЛЫБЫ – ХАМИТ ЕРҒАЛИЕВ»
Мектеп-лицей кітапханасында қазақтың көрнекті ақыны, Қазақстанның халық жазушысы Хамит Ерғалиевтің туғанына 110 жыл толуына орай «Жыр алыбы – Хамит Ерғалиев» тақырыбында ақпараттық сағат өткізілді.
Іс-шара барысында оқушыларға ақынның өмір жолы, шығармашылық мұрасы мен қазақ әдебиетіне қосқан үлесі туралы мағлұмат берілді. Сонымен қатар ақынның өмірі мен шығармашылығына арналған деректі фильмнен үзінді көрсетілді.
Кездесудің мақсаты – оқушыларды қазақ әдебиетінің көрнекті өкілдерінің шығармашылығымен таныстыру, әдеби мұраға деген қызығушылығын арттыру және ұлттық рухани құндылықтарды құрметтеуге тәрбиелеу.
📖 Поэзия – ұлттың рухани қазынасы!
Просмотров: 28