Текст
Ағымдағы жылдың 27 маусымында біздің қызықты әрі мазмұнды жазғы лагерьдің ауысымы аяқталды! Салтанатты жабылу барысында балалар өздерінің өнерлерін көрсетті — ән айтты, би биледі, өлең оқыды және көңілді байқауларға қатысты. Сонымен қатар, балалар түрлі қимыл-қозғалыс және зияткерлік ойындар ойнап, ерекше көңіл-күйде болды. Шара өте көңілді, қуанышты әрі жарқын өтті! Баршаңызға белсенді қатысқандарыңыз үшін алғыс білдіреміз! Келесі жазда кездескенше!