Текст
Ұйымдар тізімі
29.01.2026
29 қаңтар күні №21 мектеп-лицейінде 9-сынып оқушыларының ата-аналарына арналған жиналыс өтті. Кездесуге қала колледждерінің оқытушылары шақырылды. Ата-аналар назарына оқу орындары туралы бейнепрезентациялар ұсынылып, жарнамалық буклеттер таратылды, сондай-ақ әр колледж жөнінде диалогтық форматта, әңгіме түрінде өте қажетті әрі маңызды ақпарат берілді.
Біз Көкшетау медициналық колледжі, Жоғары техникалық колледж, Құрылыс-технологиялық колледжі, Ш. Уәлиханов атындағы колледжі, Азаматтық қорғаудың көпсалалы колледжі, «АРНА» жоғары колледжі, Көкшетау гуманитарлық-техникалық колледжінің әріптестеріне қатысқандары үшін алғыс білдіреміз және алдағы уақытта да өзара ынтымақтастық жалғасады деп үміттенеміз.

