"Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі Көкшетау қаласының № 21 мектеп-лицейі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Школа-лицей №21 города Кокшетау отдела образования по городу Кокшетау управления образования Акмолинской области"

СоцСети

 

 

 

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Ш. Уәлиханов атындағы колледж өкілдерімен кездесуі

30.01.2026

Бүгін №21 мектеп-лицейінде 9 және 10-сынып оқушыларының Ш. Уәлиханов атындағы колледж өкілдерімен кездесуі өтті. Іс-шара ұйымдастырушылары мектептің фойесінде алдын ала QR-коды бар жарнамалық баннер мен көрме орналастырып, құнды сыйлықтар ойнатылатын байқаулар дайындады.

Оқушылар алдында колледж директоры, кәсіптік бағдар беру жөніндегі директордың орынбасары, түрлі мамандықтардың оқытушылары және студенттер сөз сөйледі. Олардың қатарында біздің мектептің түлектері де бар. Студенттер үлкен ынтамен, өте қызықты әрі жан-жақты түрде өз мамандықтары, колледжде оқудың, байқауларға қатысудың және түрлі мәдени іс-шаралардың қаншалықты қызықты екені туралы әңгімеледі.

Бітіруші сынып оқушылары колледжге түсу шарттары мен әрі қарай оқу мүмкіндіктері туралы көптеген маңызды әрі пайдалы ақпарат алды. Біздің мектебімізде өткен осындай жарқын, ауқымды әрі әсерлі іс-шара түлектеріміз үшін тамаша мотивация болары сөзсіз.

Ш. Уәлиханов атындағы колледжінің директоры Р. Б. Уаисовқа, Жұманов Р. Ж., Нұртаева А. Ж. және басқа да колледж оқытушыларына, сондай-ақ іс-шараны ұйымдастыруға атсалысқан барша жандарға алғысымызды білдіреміз.

Просмотров: 34


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст