Текст
Ұйымдар тізімі
02.02.2026
Бүгін мектебімізде 11 сынып оқушыларына арналған «Закладчики» атты деректі фильм көрсетілді. Аталған іс-шараның негізгі мақсаты – оқушыларға есірткі заттарының заңсыз таралуының қауіпті екенін түсіндіру, жасөспірімдердің құқық бұзушылыққа тартылуына жол бермеу, сондай-ақ мұндай әрекеттердің құқықтық әрі әлеуметтік зардаптары туралы түсінік қалыптастыру. Білім алушылар арасында құқық бұзушылықтардың алдын алу, құқықтық сана қалыптастыру, сондай-ақ есірткі құралдарының заңсыз айналымына қарсы теріс көзқарас қалыптастыру мақсатында профилактикалық жұмыстар жүргізілуде.

