Текст
Ұйымдар тізімі
02.02.2026
Жыл сайын ақпан айының бірінші бейсенбісінде бүкіл әлемде Дүниежүзілік сайлау күні атап өтіледі.
Осыған байланысты 2026 жылғы 2 ақпанда 10 «Б» сыныбында «Дүниежүзілік сайлау күні» тақырыбында сынып сағаты өткізілді.
Оқушылар бұл күннің пайда болу тарихымен, саяси үдерістегі өз дауыстарының маңыздылығымен және таңдау еркіндігін қорғаудың қаншалықты маңызды екендігімен танысты.
Сондай-ақ оқушылар түрлі практикалық жағдайлар мен құқықтық кейстерді талдау арқылы өздерінің құқықтық сауаттылықтарын көрсете алды.
Нәтижесінде оқушылар әрбір азаматтың өз пікірін білдіруге құқығы бар екенін, ал сайлау — елдің болашағын қалыптастыратын маңызды құрал екенін түсінді.

