"Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі Көкшетау қаласының № 21 мектеп-лицейі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Школа-лицей №21 города Кокшетау отдела образования по городу Кокшетау управления образования Акмолинской области"

СоцСети

 

 

 

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Бурабай» колледжінің өкілдерімен кәсіби бағдар беру кездесуі

02.02.2026

Бүгін мектептің акт залында 9-сынып оқушылары «Бурабай» колледжінің өкілдерімен кездесті.
Кездесу барысында оқушылар теміржол саласына байланысты жаңа мамандықтар, колледжге түсу шарттары және ондағы әрі қарайғы оқу мүмкіндіктері туралы ақпарат алды.

Оқытушылармен бірге мектебіміздің түлектері — колледж студенттері де келіп, өздерінің оқу барысындағы әсерлерімен бөлісті. Олар таңдаған мамандық бойынша оқудың қаншалықты қызықты екенін, өзімен пікірлес жастармен бір топта білім алудың маңыздылығын үлкен ынтамен әңгімелеп берді.

Кездесу соңында оқушыларға жарнамалық материалдар таратылып, болашақта жұмысқа орналасу үшін қажет көптеген пайдалы ақпарат берілді.
Мазмұнды әрі пайдалы мәлімет ұсынған кәсіби бағдар беру жұмысының ұйымдастырушыларына алғыс білдіреміз.

Просмотров: 39


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст