Текст
Ұйымдар тізімі
09.02.2026
11-сынып оқушыларымен «Кітап бетбелгілері емес» қысқаметражды фильмі бойынша мазмұнды киноталдау өтті. Талқылау барысында сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясының элементтері қолданылып, оқушылар фильмнің идеялық мазмұнына терең үңілді.
📌 Фильм кейіпкерлерінің әрекеті, өмірлік таңдауы мен құндылықтары оқушылар тарапынан талданып, әр көрініске жеке пікір айтылды.
📌 Оқушылар өз ойларын еркін жеткізіп, дәлелдеп сөйлеуге, тыңдай білуге және өзгелердің көзқарасын құрметтеуге үйренді.
📌 Киноталдау жас ұрпақтың рухани дамуына, жауапкершілік пен адамгершілік құндылықтарды түсінуіне ықпал етті.

