Ұйымдар тізімі
09.02.2026
09.02.2026 ж. №21 мектеп-лицейінде мектептің педагог-психологы Серікбаева А.Б. және әлеуметтік педагог Талтақаева А.Т. 11 «Б» сынып оқушыларымен «Бұзақы қыз» қысқаметражды фильмі бойынша кинотренинг өткізді.
Сабақтың мақсаты: пікірталасқа арналған қауіпсіз орта жағдайында қысқаметражды фильмді талдау негізінде жасөспірімдердің сыни ойлауын және эмоционалдық рефлексиясын қалыптастыруға ықпал ету.
Киноталдау соңында жүргізуші қорытынды жасады:
– Бүгін біз буллинг пен агрессия ешқашан «жайдан-жай» пайда болмайтынын көрдік. Олардың артында көбінесе қорқыныш, өзгелердің қысымы, қабылдануға деген ұмтылыс немесе өзін күшті етіп көрсету ниеті жатады. Осындай жағдайда адам қылмыс жасауы мүмкін. Адамның денсаулығына қасақана ауыр зиян келтіру үшін Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 106-бабы қарастырылған.
Алайда ең маңыздысы – кез келген қиын жағдайда адамның әрдайым таңдау мүмкіндігі бар екенін есте сақтау.

