Текст
Ұйымдар тізімі
12.02.2026
Бүгін мектебімізде 5-сынып оқушылары арасында «Сандар сөйлейді» атты сыныптан тыс викторина ұйымдастырылды. Танымдық әрі қызықты өткен бұл сайысқа 5А және 5Ә сынып оқушылары белсене қатысып, өз білімдері мен шапшаңдықтарын ортаға салды.
Ойын барысында оқушылар түрлі логикалық тапсырмалар мен математикалық сұрақтарға жауап беріп, сандардың сырын ашуға тырысты. Әр кезең сайын екі сынып та бір-біріне дес бермей, тартысты бәсеке көрсетті. Тапқырлық, жылдамдық және ұйымшылдық бұл сайыстың басты ерекшелігі болды.

