Текст
Ұйымдар тізімі
18.03.2026
18 наурыз күні Наурыз мерекесі аясында №21 мектеп-лицейінің түлектері «Наурыз дастарханы» атты мерекелік іс-шара ұйымдастырды.
Түлектер мектеп оқушыларын, ұстаздар мен қызметкерлерді жылы қарсы алып, ұлттық тағамымыз — бауырсақтан дәм татқызды.
Іс-шара барысында оқушыларға арналған Наурыз мейрамы, қазақ халқының салт-дәстүрлері мен мәдениеті туралы қызықты викторина өткізілді. Қатысушылар белсенділік танытып, өз білімдерін сынап, көтеріңкі көңіл-күйге бөленді.
Бұл күн баршаға мерекелік көңіл сыйлап, ұлттық құндылықтарды дәріптеуге үлкен үлес қосты.
✨ Ұлыстың ұлы күні құтты болсын! ✨

