"Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі Көкшетау қаласының № 21 мектеп-лицейі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Школа-лицей №21 города Кокшетау отдела образования по городу Кокшетау управления образования Акмолинской области"

СоцСети

 

 

 

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Мұғалімнің тәжірибесіндегі сабақты зерттеу (Lesson Study)» атты тақырыппен семинар

08.04.2026

8 сәуір күні Көкшетау қ. Педагогикалық шеберлік орталығы филиалының тренері Пазылова Гульмира Шойғарақызы мектебімізде «Мұғалімнің тәжірибесіндегі сабақты зерттеу (Lesson Study)» атты тақырыппен семинар өткізді. Семинардың мақсаты: мұғалімдердің кәсіби құзыреттілігін арттыру, Lesson Study үдерісінің тиімділігін таныстыру арқылы сабақты бірлесіп жоспарлау, бақылау, талдау және оқыту сапасын жетілдіру дағдыларын дамыту. Семинарға мектеп мұғалімдері қатысты. Семинар барысында мұғалімдерге Lesson Study тәсілінің теориялық негіздері мен оны оқу үдерісінде тиімді қолдану жолдары таныстырылды. Қатысушыларға сабақты зерттеу кезеңдері: бірлесіп жоспарлау, зерттеу сабағын өткізу, бақылау жүргізу, нәтижелерді талдау және қорытындылау жұмыстары түсіндірілді. Мұғалімдер Lesson Study үдерісінің үлгісін қарастырып, зерттеу сабағын жоспарлау бойынша тәжірибелермен бөлісті. Семинар соңында қатысушылар кері байланыс беріп, өз тәжірибелерінде қолдану мүмкіндіктерін талқылады.

Просмотров: 1


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст