"Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі Көкшетау қаласының № 21 мектеп-лицейі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Школа-лицей №21 города Кокшетау отдела образования по городу Кокшетау управления образования Акмолинской области"

СоцСети

 

 

 

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына қала сыртындағы сауықтыру лагерьлерінде демалыс беру үшін құжаттарды қабылдау және жолдама беру» мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары

29.05.2026

«Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына қала сыртындағы сауықтыру лагерьлерінде демалыс беру үшін құжаттарды қабылдау және жолдама беру» мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары

ДОЦ лагеріне қажетті құжаттар:

  1. өтініш;

  2. көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

  3. баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі (азаматтық хал актілерін тіркеудің ақпараттық жүйесінде (АХАТ АЖ) мәліметтер болмаған жағдайда немесе бала Қазақстан Республикасынан тыс жерде туған болса);

  4. неке қию немесе некені бұзу туралы куәліктің көшірмесі (АХАТ АЖ-да мәліметтер болмаған жағдайда немесе құжат Қазақстан Республикасынан тыс жерде берілген болса);

  5. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушының бұйрығымен бекітілген №079/у нысанына сәйкес сауықтыру лагеріне баратын оқушыға берілетін медициналық анықтама;

  6. мәртебесін растайтын құжаттың көшірмесі:

– мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан шыққан балалар үшін – жергілікті атқарушы органдар беретін, қызмет алушының (отбасының) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушылар қатарына жататынын растайтын анықтама;

– мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен отбасылардан шыққан балалар үшін – алынған табыстар туралы құжаттар (жұмыс істейтін ата-аналардың немесе оларды алмастыратын тұлғалардың жалақысы туралы анықтама);

– отбасында тұратын жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар үшін – қорғаншылықты (қамқоршылықты) немесе патронаттық тәрбиені бекіту туралы уәкілетті органның шешімі;

– төтенше жағдайлар салдарынан шұғыл көмекке мұқтаж отбасылардан шыққан балалар және білім беру ұйымының алқалы басқару органы айқындайтын өзге де білім алушылар мен тәрбиеленушілер үшін – отбасының материалдық-тұрмыстық жағдайын тексеру негізінде қабылданған алқалы органның шешімі.

Просмотров: 76


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст