Ұйымдар тізімі
08.06.2026
2026–2027 ОҚУ ЖЫЛЫНА 1-СЫНЫПҚА ҚҰЖАТ ҚАБЫЛДАУ
Ақмола облысы бойынша 2026 жылғы 10 маусымнан бастап 1-сыныпқа құжат қабылдау басталады.
Қабылдау электронды түрде жүзеге асырылады. Өтініштер OQU платформасы арқылы қабылданады.
Өтініш жіберілгеннен кейін 1 жұмыс күні ішінде қаралып, балаңыз мектепке қабылданады.
1-сыныпқа қабылдау үшін қажетті құжаттар:
• Ата-ананың немесе заңды өкілдің өтініші;
• Баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі;
• Медициналық құжаттар:
* Баланың денсаулық паспорты (№052-2/у);
* Егу паспорты (№065/у);
* ПМПК қорытындысы (ерекше білім беру қажеттілігі бар балалар үшін);
* 3×4 өлшеміндегі 2 фотосурет.
Өтініш беру тәртібі:
1-қадам. Авторизациядан өту.
Жеке кабинетке ЭЦҚ немесе eGov Mobile QR-коды арқылы кіріңіз.
2-қадам. Онлайн өтініш беру.
«Қызметке онлайн тапсырыс беру» бөлімін таңдап, электрондық өтінішті толтырыңыз. Мектепті таңдап, қажетті құжаттарды тіркеңіз.
3-қадам. Өтінішті растау.
Өтінішке ЭЦҚ немесе eGov Mobile QR-коды арқылы қол қойып, растаңыз.
Қызмет көрсету мерзімі: 1 жұмыс күні
Қызмет алушылар:
Ата-аналар және заңды өкілдер
Ақмола облысы бойынша құжат қабылдау мерзімі
📅 10 маусым, сағат 09:00-ден
📅 31 тамыз, сағат 18:00-ге дейін
Құрметті ата-аналар!
Қажетті құжаттарды алдын ала дайындап, өтініштеріңізді уақытылы тапсыруларыңызды сұраймыз.
Қосымша сұрақтар бойынша мектептің қабылдау бөліміне хабарласуларыңызға болады.
32-78-06

